Тополевка ауылында «Zhailau Fest» жастар фестивалі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарқан ауданының Тополевка ауылында Теректі өзенінің жағасында жастарға арналған «Zhailau Fest» фестивалі өтті.

Шараға Сарқан ауданы әкімінің орынбасары Алмас Байгунысов қатысып, жастарға ауыл өмірінің тыныс-тіршілігімен танысып, ұлттық салт-дәстүр мен тұрмыс мәдениетін тәжірибе жүзінде меңгерудің маңыздылығын атап өтті.

Фестивальдің негізгі мақсаты – қала жастарын ауылдың тыныс-тіршілігімен таныстырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастардың танымдық және практикалық дағдыларын дамыту.

Шара барысында қатысушылар киіз үй құрып, бауырсақ пісіру, самаурынға шай қайнату, мал сою және ет бөлшектеу, сиыр мен бие сауу, ұлттық тағамдардың бірі – сірне дайындау сияқты ауыл тұрмысындағы дәстүрлі жұмыстармен танысты.

Сонымен қатар жастар арасында арқан тарту, қол күрес, қазақ күресі сынды ұлттық спорт түрлерінен түрлі жарыстар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымы арнайы көрме ұйымдастырып, қатысушыларға ұлттық парктің табиғи байлығы, флорасы мен фаунасы туралы кеңінен ақпарат берді. Парк қызметкерлері жастарға табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндіріп, фестивальдің мазмұнды өтуіне белсенді атсалысты.

«Zhailau Fest» фестивалі жастарға ауыл өмірін жақыннан танып, ұлттық дәстүрлерді дәріптеу арқылы тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берген мазмұнды шара болды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan/press/news/details/1280068?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді