
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ӘДЕП – БАСТЫ ҚАҒИДА
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік қызметтің беделі мен азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін қалыптастырудың маңызды негіздерінің бірі.
Осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуына қатысты жарияланымдарға тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.
Мониторинг нәтижелері бойынша тиісті ден қою шаралары ұйымдастырылып, анықталған фактілер жан-жақты зерделенеді.
Мемлекеттік қызметші үшін әдептілік, адалдық, жауапкершілік және азаматтарға құрметпен қарау – кәсіби қызметтің ажырамас бөлігі.
Қызметтік әдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік қызметке деген сенімді нығайтудың маңызды кепілі!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-uko/press/news/details/1280076?lang=ru

Жауап қалдыру