Атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алу фактілері анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Байқоңыр қаласының прокуратурасымен атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде заңнама талаптарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, табысын жасыру арқылы атаулы әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалған 6 адамға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 2,6 млн теңге артық төленген.

Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесіндезаң бұзушылықтар жойылып, 2 азаматтан мемлекеттік бюджетке 553 233 теңге өндірілді. Қалған тұлғаларға қатысты артық төленген қаражатты өндіру мәселесі сот тәртібімен қаралуда.

Мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларының заңды әрі мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1280072?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді