
ТҮРКІСТАН: ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінде «жалған ардагерлер» мәселесінің алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында ардагерлер мәртебесін заңсыз иелену, жалған мәліметтер мен құжаттарды пайдалану фактілерінің алдын алу, сондай-ақ әлеуметтік қолдау шараларын заң талаптарына сәйкес көрсету мәселелері талқыланды.
Жиын барысында қызметкерлерге қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау, құжаттармен жұмыс барысында мұқият болу және күмәнді жағдайларға жол бермеу жөнінде түсіндірме берілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына, адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын ұстануына ерекше назар аударылды.
Әлеуметтік қолдаудың әділ әрі заңды көрсетілуі – азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-uko/press/news/details/1280093?lang=ru

Жауап қалдыру