
«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2026 жылғы 28 тамызда сағат 17:00-де облыс прокуратурасының ресми @prokuraturasko Instagram-парақшасында «Қылмыстық жазаларды орындау, рақымшылықты қолдану және сотталған әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы заңнамадағы өзгерістер» тақырыбына тікелей эфир өтеді.
Трансляция барысында облыс прокуратурасының қызметкерлері сотталған әйелдердің құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктерін кеңейтуге және заңды мүдделерін қамтамасыз етуге, рақымшылық жасау туралы ережелерді қолдануға бағытталған заңнаманың өзекті өзгерістерін түсіндіреді және азаматтардың өтініштеріне жауап береді.
Спикерлер: облыс прокуратурасының Басқарма бастығы А.М. Жалмағамбетов, облыс прокурорының көмекшісі А.Қ. Әліппаев, облыс прокуратурасының Басқарма прокуроры Д.Ж. Шаймуллин, Петропавл қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Н.Т. Жұман.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1280178?lang=ru

Жауап қалдыру