
САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН ЖАЛҒА БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
🔷 Шымкентте 40 отбасы кейіннен сатып алу құқығымен жалға беру шарттары негізінде жаңа, абаттандырылған пәтерлерге ие болды. Жаңа қоныстанушыларға пәтер кілттерін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков табыстады.
🔷 Айта кетейік, мұндай тетік қарапайым жалға беруден ерекшеленеді. Ол тұрғын үйді кейіннен жеке меншікке сатып алуға мүмкіндік береді. Бозарық шағынауданындағы көп қабатты үйлер қажет инженерлік коммуникациялармен және инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.
🔷 Пәтер иегерлері қатарында ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген азаматтар бар.
🔷 Пәтерлерді табыстау қаладағы қолжетімді баспана қорын дамыту жұмысының кезекті бағыты болып отыр. Бұл ретте ұсынылатын пәтерлердің санына ғана емес, отбасылардың үйді қандай шарттармен пайдалану мүмкіндігіне де баса мән берілуде.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turgyn-ui/press/news/details/1280263?lang=ru

Жауап қалдыру