24 тамыз күні Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері – полиция аға лейтенанты Наурызбек Сұлтанов, полиция лейтенанты Әліби Жасталапов және полиция кіші лейтенанты Әкежан Бекболат қызметтік міндеттерін атқару барысында жол бойында велосипедпен келе жатқан шетел азаматын байқайды.
Саяхатшы Ресейден Қазақстан арқылы Үндістанға велосипедпен жол тартып келе жатқан. Алайда жолда адасып, ұялы байланыс пен интернетке қосылуда қиындықтарға тап болған.
Полицейлер шетелдік азаматқа бірден көмек көрсетіп, SIM-картасын іске қосуға және интернетке қосылуына жәрдемдесті. Сонымен қатар оның қонақүй таба алмай жүргенін білген тәртіп сақшылары жақын маңнан қонақүй тауып, орналасуына көмектесті.
Осылайша, патрульдік полиция қызметкерлері жол үстінде қиындыққа тап болған саяхатшыға қолдау көрсетіп, оның сапарын әрі қарай жалғастыруына жағдай жасады.
Бұл – полиция қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен қатар, көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау көрсетіп, қонақжайлық пен адамгершілік танытудың жарқын үлгісі.
Жауап қалдыру