Батырлардың есімі — ел жадында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2021 жылғы 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы №28349 әскери бөлімде болған қайғылы оқиға кезінде қызметтік міндеттерін орындау барысында 10 азаматтық қорғау қызметкері ерлікпен қаза тапты.

Бүгін Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде батыр әріптестерімізді еске алуға арналған тағзым ету рәсімі өтті.

Іс-шараға Департамент қызметкерлері мен азаматтық қорғау органдарының ардагерлері қатысты. Қатысушылар қаза болған әріптестеріміздің рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды. Ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза болған әрбір қызметкердің есімі — ел жадында. Олардың ерлігі, батылдығы мен қызметтік борышына адалдығы — бүгінгі және келешек ұрпаққа өшпес өнеге.

Батырлардың есімі — мәңгілік.
Ерлігі — ұрпаққа аманат.

Маңғыстау облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1280412?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді