Цифрлық активтер және декларация: нені білу маңызды?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншігінде цифрлық активтері бар резидент-жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынуға міндетті.

 Құн өсімінен түсетін кіріс қашан пайда болады?

Цифрлық активтер бойынша құн өсімінен түсетін кіріс:

• цифрлық активті өткізу;
• цифрлық активті заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде пайда болады.

 Өткізу кезінде кіріс қалай анықталады?

Құн өсімінен түсетін кіріс — цифрлық активті өткізу бағасы (құны) мен оның бастапқы құны арасындағы оң айырма.

 Бастапқы құн дегеніміз не?

Жалпы тәртіп бойынша цифрлық активті сатып алудың құжатпен расталған бағасы (құны) оның бастапқы құны болып табылады. Жекелеген жағдайларда Кодексте бастапқы құнды айқындаудың арнайы тәртібі көзделген.

 Декларацияны ұсыну мерзімі
2025 жыл үшін — 2026 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.

 Егер декларация бойынша төленуге тиіс ЖТС есептелсе, оны 2026 жылғы 25 қыркүйектен кешіктірмей төлеу қажет.

 Құқықтық негіз: Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 389, 417, 418 және 419-баптары.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1280430?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді