АҚСУ-АЮЛЫ АУЫЛЫНЫҢ КӨРКІ – ЖАРЫҚТАНДЫРУМЕН АЖАРЛАНА ТҮСТІ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

АҚСУ-АЮЛЫ АУЫЛЫНЫҢ КӨРКІ – ЖАРЫҚТАНДЫРУМЕН АЖАРЛАНА ТҮСТІ!

Ақсу-Аюлы ауылындағы кіреберістегі аркаға баратын жол бойына 22 жаңа жарықтандыру бағанасы мен шамдары орнатылып, сонымен қатар аркаға жарық шамдары орнатылды. Аркадағы ұлттық нақыштағы ою-өрнектер жаңартылып, ауылымыздың сәні мен сәулетін айшықтай түсті.

Жарықтандыру және абаттандыру жұмыстары ауылымыздың түнгі көрінісін ажарландырып, елді мекеннің көркін одан әрі арттырды. Жаңартылған ою-өрнектер ауылымыздың ұлттық болмысын айқындап, қазақы нақыш пен заманауи көріністі үйлестіре түсті.
Бұл жұмыстар тұрғындар мен ауыл қонақтарына қолайлы, қауіпсіз әрі жарық орта қалыптастырып қана қоймай, Ақсу-Аюлы ауылының көрікті келбетін қалыптастыруға өз үлесін қосуда. Ауылым – алтын бесігім, туған жерім – мақтанышым! 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-aksu-ayuly/press/news/details/1280441?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді