Мемлекеттік қызметте де әріптестермен амандасудың өзіндік мәдениеті болуы керек. Бір ортада жұмыс істейтін азаматтардың барлығына ортақ, әдепке сай қарапайым ишара – өзара құрметтің белгісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың жүріс-тұрысында тәртіп пен тазалық әдебін қалыптастыру, ұлттық дәстүрлерімізге қайта оралу қажеттігін атап өтті.
Қызметтік ортада құшақтасып, шамадан тыс еркін амандасудан гөрі, барлығына бірдей түсінікті әрі әдепті сәлемдесу – кәсіби мәдениеттің көрінісі.
Бір сәлем – бірлікке,
бір ізет – сыйластыққа бастайды.
Қазақы тәрбие мен заманауи қызметтік әдепті ұштастыра білейік. Өйткені мемлекеттік қызметшінің әрбір іс-қимылы – мемлекеттік қызмет мәдениетінің, ал кең мағынада мемлекеттің айнасы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1280492?lang=ru

Жауап қалдыру