Ақмола облысы прокуратурасымен ірі туристік инвестжобаның жер мәселесі шешілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс прокуратурасы Ақкөл ауданындағы TÖR’RE / Wyndham Residences Aqkol инвестициялық жобасын сүйемелдеуде.

Жоба 40 қонақ үйін, 53 вилланы және 120 орындық Ramada Resort Aqkol  қонақ үй кешенін салуды көздейді. Кейінгі кезеңдердегі инвестиция көлемі 13 млрд теңгеден асады, шамамен 240 жұмыс орнын құру жоспарланған.

Сүйемелдеу барысында елді мекеннің шекарасын белгілеу және тиісті мәліметтерді Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрына енгізу рәсімдерінің аяқталмауына байланысты жер-құқықтық кедергі анықталды.

Облыс прокуратурасының бастамасымен мәселе шешімін тапты. Қажетті жер-құқықтық рәсімдер жүргізіліп, инвестициялық жобаны одан әрі іске асыруға кедергілер жойылды.

Инвестициялық жоба толық іске асырылғанға дейін облыс прокуратурасының сүйемелдеуінде болады.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1280482?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді