
Әзербайжан астанасы Баку қаласында қазақ күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге әлемнің 30-ға жуық елінен келген үздік балуандар қатысып, ерлер мен әйелдер арасында 16 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады.
Әлемдік додада Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ел намысын қорғаған түркістандық балуан Рузимон Тугушев 55 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Жеңіспен елге оралған чемпионды Түркістан халықаралық әуежайынан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, туған-туыстары, спорт саласының мамандары мен жанкүйерлері салтанатты түрде қарсы алды.
Жеңімпаз балуанға гүл шоқтары табысталып, ақжолтай тілектер айтылды. Туған жеріне жеңіспен оралған Рузимон Тугушев өзін қарсы алған барша жанға алғысын білдіріп, алдағы уақытта да ел абыройын асқақтатып, биік белестерді бағындыруға ниетті екенін жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1280603?lang=ru

Жауап қалдыру