
Еңбек өтілі бірдей болғасын, зейнетақы да бірдей болуы керек сияқты.
Бірақ олай емес.
Өйткені зейнетақы төлемдерінің мөлшері тек еңбек өтілінің ұзақтығына байланысты емес.
Есептеу кезінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жұмыс өтілі, ынтымақты зейнетақы тағайындау кезінде ескерілетін орташа айлықтабыс, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі, БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының мөлшері және заңнамада көзделген басқа да көрсеткіштер ескеріледі.
Сонымен қатар, адамның нақты қашан жұмыс істегені және оның зейнетақы құқықтары қалай қалыптасқаны маңызды.
Мысалы, екіадамның жалпы еңбек өтілі 30 жыл болуы мүмкін, бірақ біреуінің 1998 жылға дейінгі жұмыс кезеңі көп, кірісі жоғары және зейнетақы жинақтары көп. Нәтижесінде зейнетақы төлемдерінің мөлшері әр түрлі болады.
Сондықтан зейнетақыңызды тек еңбек өтілі бойынша салыстыру дұрыс емес.
Бірдей еңбек өтілі бірдей зейнетақыны білдірмейді.
Зейнетақы төлемдері нақты адамның мәліметтері мен заңнама нормалары негізінде жеке есептеледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kostanay/press/news/details/1280642?lang=ru

Жауап қалдыру