Төлеби ауданында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Мектепке жол» акциясы аясында «Жаңа оқу жылына – жаңа жабдықтар» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Аудан орталығындағы «Нұр» мешітінде өткен игі бастама «Ешенқұлұлы Қуаныш» жеке қорының тікелей демеушілігімен ұйымдастырылды. Қайырымдылық шарасына қор өкілдерімен қатар еркін күрестен әлем чемпионы Ағабек Бағдаулет Әлімжанұлы арнайы қатысты.
Қасиетті Құран оқылып басталған шарада ауданның бас имамы Үсен Саурбаев демеушілік танытып, қайырымдылық бастамасына қолдау көрсеткен қор басшылығына ризашылығын білдіріп, ата-баба рухына Құран бағыштады.
Қайырымдылық шарасының негізгі мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен және жалғызбасты отбасылардың балаларына қолдау көрсетіп, олардың жаңа оқу жылын алаңсыз бастауына мүмкіндік жасау.
Осы орайда орталық «Нұр» мешітіне және ауылдық мешіттерге тіркелген әлеуметтік жағдайы төмен, жалғызбасты 200 отбасының балаларына – 100 ұл және 100 қыз балаға мектепке қажетті оқу құралдары толық салынған жаңа мектеп сөмкелері табысталды.
Жауап қалдыру