
«AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Ербол Данағұлов және облыстық мәслихат депутаттары Талғат Дүржанов, Күлшат Масалимова, Наурызбек Сарбасов жұмыс сапарымен ауданға келді.
Аудан әкімдігінде өткен жиында «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Ербол Данағұлов Мұғалжар аудандық филиалының хатшысы қызметін атқарған Роза Мусенованың зейнет жасына жетуіне байланысты атқарған қызметіне алғысын білдіріп, құрмет көрсетті.
Сонымен қатар жиында «AMANAT» партиясы Мұғалжар аудандық филиалының хатшысы қызметі бос орнына Жұматай Ұбайдуллаұлы Бисеновты таныстырды.
Жұматай Ұбайдуллаұлы 1970 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастаған ол мемлекеттік қызметке 2006 жылы келді. 2006-2014 жылдары Жем қаласы әкімі аппаратының бас маманы, 2014-2017 жылдары Жем қаласы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімшесінің басшысы, 2016-2017 жылдары Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарды. 2017 жылдан бастап осы күнге дейін Жем қаласының әкімі қызметін атқарып келді.
Жиында аудан әкімі Дархан Ермағанбетов пен партияның облыстық филиалының төрағасы Ербол Данағұлов оның қызметіне сәттілік тілеп, партия жұмысын жандандыруды тапсырды.
Жиында биылғы жылы атқарылатын жұмыстар пысықталды. Әсіресе, «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша тұрғындардың қаржылық сауатын арттыру, Сайлауалды бағдарламаның орындалуы, депутаттық фракция, партиялық бақылау, қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмыстарын үйлестіру туралы айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/press/news/details/982471?lang=kk

Жауап қалдыру