САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сарыағаш ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу, олардың салдарын жедел жою және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Осы мақсатта аудан аумағындағы өрт қауіпсіздігі инфрақұрылымын дамытуға және материалдық-техникалық базаны нығайтуға ерекше мән берілуде.
 
Аталған бағыттағы маңызды жобалардың бірі – Жібек жолы ауылдық округінде салынып жатқан жаңа өрт сөндіру бекеті. Жаңа нысан ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайларға жедел ден қою мүмкіндігін арттыруға бағытталған.
 
Аудан әкімі Арман Абдуллаев құрылыс алаңына арнайы барып, нысанда атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Жауапты сала мамандарымен кездесіп, құрылыс жұмыстарының орындалу барысы, нысанның дайындық деңгейі және белгіленген мерзімде пайдалануға беру мәселелері талқыланды.
 
Қазіргі таңда өрт сөндіру бекетінде құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген жоба мен жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Нысанның құрылысын сапалы аяқтап, белгіленген мерзімде пайдалануға беру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1280689?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді