ЖОСПАРЛЫ МЕЖЕЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✔️ Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуына қатысты жиын өтті.
✔️Жиынға аудан әкімінің орынбасары, дербес бөлім басшылары мен жауапты сала мамандары қатысты.
✔️ Күн тәртібінде аудан бойынша белгіленген негізгі индикаторлық көрсеткіштердің орындалу деңгейі, жоспарлы межелердің сақталуы, көрсеткіштердің өткен кезеңмен салыстырғандағы динамикасы, сондай-ақ жыл соңына дейін белгіленген межелерге қол жеткізу мүмкіндігі қаралды.
✔️ Жиында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева баяндама жасап, негізгі көрсеткіштердің орындалу барысына жан-жақты талдау ұсынды. Баяндамада орындалмаған және белгіленген межеге толық қол жеткізілмеген көрсеткіштерге баса назар аударылып, әрбір бағыт бойынша қалыптасқан жағдай, анықталған мәселелер мен шешу жолдары айтылды.
Сонымен қатар ауданның экономикалық өсімі, инвестиция тарту, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, кәсіпкерлік, бюджет кірістері және басқа да негізгі бағыттар бойынша көрсеткіштердің орындалу барысы сараланды.
✔️Аудан басшысы Азат Оралбаев жауапты бөлімдерге көрсеткіштерді тек есеп үшін орындамай, нақты нәтижеге бағыттап жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті. Әсіресе межеден төмен тұрған көрсеткіштер бойынша жұмысты күшейтіп, себептерін нақты анықтап, нәтижеге бағытталған шараларды қолға алуды тапсырды.
✔️Жиын қорытындысы бойынша жауапты бөлім басшыларына тиісті міндеттер жүктеліп, индикаторлық көрсеткіштердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1280720?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді