№79 мекемесінде сотталған азаматтар арасында қазақ музыка өнерінің көрнекті композиторы, “вальс королі” атанған Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын насихаттауға арналған “Әні барда – өзі бар” атты музыкалық кеш ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ашық аспан астында өткен мәдени шара барысында қатысушылар композитордың ел жүрегінен орын алған әндерін жанды дауыста орындап, домбыра мен гитараның сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Кеш бағдарламасына ұлттық өнерді дәріптейтін би қойылымдары да енгізілді. Қатысушылар “Ана туралы жыр”, “Арыс жағасында”, “Ақ ерке – Ақ Жайық”, “Қуаныш вальсі” секілді Шәмші Қалдаяқовтың танымал әндерін орындады. Музыкалық кештің негізгі мақсаты – сотталған азаматшалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру, композитордың мол мұрасын дәріптеу және өнер арқылы жағымды эмоциялық орта қалыптастыру. Шара барысында қатысушылар белсенділік танытып, өз өнерлерін ортаға салды. Ән мен күй, би мен әуезді музыка үйлесім тапқан кеш көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мұндай мәдени-шығармашылық іс-шаралар сотталған азаматшалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың өнерге, ұлттық құндылықтарға және шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisatyrau/press/news/details/1280795?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді