
Назар аударыңыздар, КОНКУРС!!!
«Ардос Жүрек» мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестігі мүгедектігі бар адамдарды «Шекарасыз өнер» облыстық шығармашылық фестиваліне қатысуға шақырады.
Фестивальдің мақсаты – мүгедектігі бар адамдардың шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін-өзі танытуына мүмкіндік беру, талантты қатысушыларды анықтау, олардың қабілеттерін ашуға жағдай жасау, сондай-ақ қоғамда мүгедектік мәселесіне оң көзқарасты қалыптастыру және тең мүмкіндіктер қағидаттарын ілгерілету.
Фестиваль номинациялары:
вокалдық өнер;
хореографиялық өнер;
аспапта орындау;
сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнері;
көркемсөз.
Қатысушылардың жас санаттары:
18 жасқа дейінгі балалар;
19 жастан 35 жасқа дейінгі жастар;
35 жастан жоғары ересектер.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 2 қазанға дейін.
Фестивальдің өтетін күні: 2026 жылғы 15 қазан, Петропавл қаласы.
Барша ниет білдірушілерді белсенді қатысуға және өз таланттарын көрсетуге шақырамыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ozsp-mamlyut/press/news/details/1280857?lang=ru

Жауап қалдыру