
Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы КММ Алматы қаласы, Байтұрсынұлы көшесі, 9-үй мекенжайында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компаниянын тағайындау жөніндегі конкурс өткізілетінін жариялайды. Кондоминиум объектісі туралы мәліметтер: Мекенжайы: Алматы қаласы, Байтұрсынұлы, 9-үй; Пәтерлер саны – 38; Жалпы ауданы – 4 000 м²; оның ішінде тұрғын үй ауданы – 2 040 м²; тұрғын емес үй-жайлар ауданы – 1 960 м².
Конкурс кондоминиум объектісін басқару үшін тұрғын үй инспекциясының уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларына сәйкес өткізіледі.
- Конкурсты өткізудің негізі
Конкурс тұрғын үй инспекциясының шешімі негізінде, пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері басқару нысанын немесе кондоминиум объектісін басқарушы субъектіні таңдау туралы келісімге қол жеткізбеген жағдайда (немесе жалпы жиналыстың хаттамасымен ресімделген меншік иелерінің өтініші негізінде) өткізіледі.
- Конкурстың мәні
Пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдағанға дейін кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын уақытша басқарушы компанияны айқындау.
- Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
Конкурсқа Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес келетін және төмендегі құжаттарды ұсынған басқарушы компаниялар жіберіледі:
– конкурсқа қатысу туралы өтініш;
– құрылтай құжаттарының көшірмелері;
– заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттар;
– басшының (өкілдің) өкілеттігін растайтын құжаттар;
– салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы мәліметтер;
– білікті мамандардың болуы туралы мәліметтер;
– кондоминиум объектілерін басқару саласындағы жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар.
- Өтінімдерді қабылдау мерзімі мен орны
Өтінімдер осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылданады.
Құжаттарды қабылдау мекенжайы: Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы КММ, Достық даңғылы, 85, 509-кабинет.
Жұмыс уақыты: 08:30-дан 18:00-ге дейін (түскі үзіліс: 12:30-дан 14:00-ге дейін).
Байланыс телефондары:+7 (727) 225-14-31, +7 776 211 11 03.
Электрондық пошта: zhil.inspektciya@mail.ru
- Жеңімпазды анықтау тәртібі
Конкурстық комиссия ұсынылған өтінімдерді оларды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
Белгіленген талаптарға сәйкес келетін және кондоминиум объектілерін басқару саласында ең көп жұмыс тәжірибесі бар басқарушы компания конкурс жеңімпазы болып танылады.
- Шарт жасасу
Конкурс жеңімпазымен тұрғын үй инспекциясы мен уақытша басқарушы компания арасында Үлгілік шарт жасалады.
Уақытша басқарушы компания пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдағанға дейін объектіні басқаруды жүзеге асырады.
- Қосымша ақпарат
Егер конкурсқа өтінімдердің болмауына немесе конкурс жеңімпазының шарт жасасудан жалтаруына байланысты конкурс өткізілмеді деп танылса, уақытша басқарушы компания кондоминиум объектісін басқару үшін тұрғын үй инспекциясының уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларына сәйкес белгіленеді.
Конкурсқа қатысу мәселелері бойынша:
Телефондар: +7 (727) 225-14-31, +7 776 211 11 03.
E-mail: zhil.inspektciya@mail.ru
Мекенжай: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 85, Тұрғын үй инспекциясы бөлімі, 509-кабинет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-uzh/press/news/details/1280868?lang=ru

Жауап қалдыру