
Ағымдағы жылдың 27 тамыз күні Жамбыл ауданы, Аса ауылының аумағында терроризмге қарсы Жамбыл аудандық жедел штабымен «Жамбыл-Антитеррор-2026» оқу-жаттығуы өткізілуде.
Аталған іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Жамбыл облыстық жедел штабы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1280968?lang=ru

Жауап қалдыру