Ауылдық елді мекендердегі жалға берілетін тұрғын үйге өтінім қабылдау басталады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауылдық елді мекендердегі жалға берілетін тұрғын үйге өтінім қабылдау басталады
2026 жылғы 1–7 қыркүйек аралығында (қоса алғанда) baspana.otbasybank.kz порталында ауылдық елді мекендерде орналасқан жалға берілетін тұрғын үйді алуға тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардан өтініштер қабылданады.
Азаматтар өтінішті тұрғын үйге мұқтаждар есебінде (кезекте) тұрған аудан орталығы бойынша ғана бере алады.
Өтініш беру мерзімі аяқталғаннан кейін Отбасы банк Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларының талаптарына сәйкес жалға берілетін тұрғын үйді алатын азаматтарды анықтайды.
Негізгі критерийлер:
тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қойылған күні;
отбасының соңғы 6 айдағы табыс деңгейі;
отбасы құрамы.
Өтініш беру электронды форматта жүзеге асырылады. Қатысу үшін жарамды электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.
📅 Өтініш қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 1–7 қыркүйек
🌐 Портал: baspana.otbasybank.kz

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1281056?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді