
#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тапсырмасымен ауылдық елді мекендердегі азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Атырау облысының барлық аудандық және ауылдық округтерінде «Құқық кабинеттері» ашылған болатын.
Атырау облысы Әділет департаменті қызметкерлерімен Мақат ауданы тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша құқық кабинетіне жүгінген тұрғындарға әртүрлі жүйелермен жұмыс жасау тәртібі көрсетілді.
Ауылдық мекендегі тұрғындарға жасалып отырған арнайы кабинетке кез-келген ауыл тұрғыны өзінің жеке мәселесі бойынша келіп, заң деректер базасымен таныса алады, интернет желісімен қамтамасыз етілген компьютер арқылы өзіне қажетті кез-келген ақпаратты да ала алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1281089?lang=ru

Жауап қалдыру