САРЫАҒАШ: АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР БАЯНДАЛЫП, АЛДАҒЫ ЖОСПАРЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде  қоғамдық кеңес отырысы өтті.  Қоғамдық кеңес төрағасы  Уалихан Рахиев  төрағалық еткен отырысқа қоғамдық кеңес мүшелері, дербес бөлім басшылары  және ауданға қарасты мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

 

Жиынның күн тәртібіне сәйкес  бірінші мәселе бойынша аудан әкімі Арман Абдуллаев  Сарыағаш  ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына тоқталып ,  2024 жылы атқарылған жүйелі жұмыстардың  нәтижесін баяндап, 2025 жылға арналған жоспарлармен бөлісті .Әр салада дамудың оң динамикасы қалыптасып, кейбір көрсеткіштер бойынша облыста көш ілгері тұрғанын жеткізді. Баяндама барысында әр саладағы жетістіктерге жеке-жеке тоқталып, елді мекендерде атқарылған жұмыстарды атап көрсетті. Оған қоса, Арман Абдуллаев қоғамдық кеңестің жаңа мүшелеріне алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

 

Кеңес мүшелері тарапынан  ауыл шаруашылық, әлеуметтік  және дол саласына қатысты сұрақтар қойылды. Аудан әкімі  сұрақтарға мардымды жауап беріп, кейбір мәселелерге қатысты салаға жауапты басшыларға тапсырмалар жүктеді.

 

Келесі мәселе бойынша  аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы 2024 жылы  атқарылған жұмыстар бойынша есебі тыңдалды. Сонымен қатар, Рысбек  Асылбекұлы қоғамдық кеңестің  жаңа мүшелеріне куәліктерін табыстады .

 

Күн тәртібіндегі  соңғы мәселе  2025-2027 жылдарға арналған  аудан бюджетіне ұсынылған өзгерістер жобасын  ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Азамат Мұратов  таныстырды.

 

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/982389?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді