
Астана қаласында спорт саласында елеулі еңбек етіп, отандық спорттың дамуына үлес қосып жүрген мамандарды марапатталды.
Жиында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев спорт саласындағы кәсіби еңбегімен және жоғары жетістіктерімен ерекшеленген мамандарға мемлекеттік наградалар мен ведомстволық марапаттарды табыстады.
Ресей Федерациясының пара шаңғы жарысы және пара биатлон бойынша жаттықтырушы-консультанты Роман Александрович Петушков Қазақстан Республикасының қысқы пара спорт түрлерін дамытуға, сондай-ақ ұлттық құраманың Паралимпиада және өзге де халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне қосқан елеулі үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденімен наградталды.
Ал Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің спорттық менеджері Меруерт Қажығалиқызы Тлебалды отандық параспортты дамытуға қосқан еңбегі үшін «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Айта кетейік, марапат иегерлері спорттық жарыстарға байланысты іссапарда болуына орай марапаттау рәсіміне жеке қатыса алмады. Осыған байланысты марапаттарды салалық министрдің орынбасары табыстады.
Марапаттау барысында спортшылардың жоғары нәтижелерге қол жеткізуінде жаттықтырушылар мен спорт мамандарының кәсіби еңбегі мен табанды қызметінің маңыздылығын аталды.
«Сіздердің спорт саласына қосқан үлестеріңіз – елге деген шынайы жанашырлық пен адал еңбектің көрінісі. Кәсіби шеберліктеріңіз бен тәжірибелеріңіз отандық параспорттың одан әрі дамуына серпін беріп, спортшыларымыздың халықаралық аренадағы жетістіктеріне негіз болуда», – деді Серік Жарасбаев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1281114?lang=ru

Жауап қалдыру