
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Өңірде 19 музей халыққа қызмет көрсетуде.Музей қорларындағы 13 мыңнан астам құнды жәдігерлер цифрландырылды. Оның 2507-сі 2026 жылдың 1 жартыжылдығында жүзеге асырылды. Жыл соңына дейін 897 жәдігер цифрландырылатын болады, – деді Ерлан Нұрманұлы.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысының Мәдениет және тілдерді дамыту саласында 2026 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады.
2026 жылы 3 халықаралық, 8 республикалық және 40-қа жуық облыстық іс-шаралар жоспарланып, ағымдағы жылдың 6 айында 2 халықаралық, 5 республикалық, 20 облыстық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, жергілікті ақын-жазушылар кітаптарының электронды нұсқаларына еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында «Әулиеата кітапханасы»(«Aulieata library») мобильді қосымшасы қосылған. Бүгінгі күні бұл қосымша «Google Play», «Appstore» платформаларына орналастырылып, 135 автордың 358 кітаптарының электронды нұсқалары қосымшаға енгізілді.
Басқарма тарапынан тоқсан сайын жергілікті атқарушы органдардың кіріс-шығыс құжаттарына мониторинг жүргізіледі. Нәтижесінде, бүгінгі таңда мемлекеттік мекемелердегі құжат айналымының мемлекеттік тілдегі үлесі – 98,6%-ға жеткен. Есепті мерзімде барлығы 1855 тыңдаушы оқу курстарына қамтылды. Оның ішінде, мемлекеттік тілді үйрену курсына 1643 тыңдаушы тартылған.
Жыл соңына дейін «Күзгі әуен» халықаралық классикалық өнер фестивалін, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің 95 жылдығына орай және тарихшы, өлкетанушы Күзенбай Байбосыновтың 85 жылдығына орай «Тарихпен тілдесу» атты ғылыми-практикалық конференциясы, «Көне Тараз-қылқалам өнерінде!» атты қылқалам шеберлерінің байқауы сынды бірқатар ірі іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/1281131?lang=ru

Жауап қалдыру