Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сот жюриінің қарауына 11 судьяға қатысты 12 тәртіптік материал енгізілді. Бір судьяға қатысты екі тәртіптік материал бір тәртіптік іс жүргізуге біріктірілді.

Қарау нәтижелері бойынша сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін 3 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды

(екі судьяға ескерту, бір судьяға – сөгіс түріндегі тәртіптік шаралар қолданылды).

4 судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізулеролардың іс-әрекеттерінде тәртіптік теріс қылыққұрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Бұдан басқа, 4 судьяға қатысты тәртіптік материалдарды қарау кейінге қалдырылды.

Судья оған қолданылған тәртіптік жазаны Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы,сондықтан Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ.

Жоғары Сот Кеңесінің және Сот жюриінің қызметі сот жүйесіне сенімді нығайтуға, тәртіптік рәсімдер шеңберінде судьялардың тәуелсіздігі мен олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталады.

Жоғары Сот Кеңесі тәртіптік практиканы жетілдіру және судьялардың кәсібилігі мен жауапкершілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүйелі түрде жалғастыруда.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1281143?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді