
2026 жылғы 27 тамыз күні, сағат 10:00-де Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің базасында «Zoom» мобильді қосымшасы арқылы аудандық, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары басшылары, бөлім басшылары мен жауапты мамандардың қатысуымен 2026 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының заңнамасына негізгі өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша жоспардан тыс құқықтық оқыту өткізілді.
Қазақстан Республикасының Конституциялық реформасының негізгі басымдықтары мен нормалары; қоғамда «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманың ережелері; ҚР ӘРПК-ны қолданудың практикалық аспектілері, оның ішінде біліктілік, мерзімдер және тыңдау рәсімдері; ерекше бақылау мен қадағалаудың ерекшеліктері, сондай-ақ жаңа қағидалар мен алгоритмдер қаралып, түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-zhetisu/press/news/details/1281153?lang=ru

Жауап қалдыру