
КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасында азаматтар мен кәсіпкерлердің қатысуымен жеке қабылдау өткізілді.
Қабылдау барысында кәсіпкерлік саласына қатысты бірқатар мәселелер көтеріліп, тұрғындардың ұсыныс-тілектері тыңдалды. Сонымен қатар, бизнесті дамыту, мемлекеттік қолдау шаралары және кәсіпкерлерге көрсетілетін қызметтер жөніндегі сауалдарға жауаптар берілді.
Жеке қабылдау барысында әрбір мәселе жеке қаралып, оларды шешу жолдары талқыланды. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті жауапты мамандарға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kasipkerlik/press/news/details/1281192?lang=ru

Жауап қалдыру