Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерімен бірлесіп, «Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы» ММ мен оған бағынысты ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді.
Талдау барысында негізгі бағыттар қамтылды: нормативтік-құқықтық база, кадрларды басқару, мемлекеттік сатып алулар, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік және АКТ активтерін есепке алу мәселелері. Талдау қорытындысы бойынша 5 тәуекел анықталды. Олардың әрқайсысы бойынша туындау себептері мен жағдайларын жоюға бағытталған жедел шаралар қабылданды.
Бақылау нысанына 20 ұсыным енгізілді. Олардың негізінде тәуекелдерді барынша азайтуға және ведомство жұмысының ашықтығын арттыруға бағытталған нақты іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1281215?lang=ru

Жауап қалдыру