
Отырар ауданы әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында жұмыс мәжілісі өтті.
Жиынға Отырар ауданы әкімі аппаратының өтініштердің қаралуын бақылау және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы М.Айдарқұлов төрағалық етті. Мәжіліске аудан әкімдігі тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандар қатысты.
Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2026 жылғы 7 шілдедегі №119 бұйрығымен Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қаралды. Мәжіліс барысында жаңа талаптар түсіндіріліп, оларды іс жүзінде тиімді қолдану мәселелері талқыланды.
Жиында мемлекеттік қызмет көрсету барысында заң талаптарын қатаң сақтау, қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу, негізсіз бас тартулар мен артық құжаттар талап ету фактілерін болдырмау қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ ақпараттық жүйелерде техникалық ақаулықтар туындаған жағдайда белгіленген тәртіпке сәйкес жедел әрекет ету мәселесіне ерекше назар аударылды.
Мәжіліс қорытындысында жауапты мамандарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, азаматтарға қолайлы әрі заң талаптарына сай қызмет ұсыну бағытында тиісті тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, қызмет көрсету барысында туындайтын мәселелер бойынша аудан әкімі аппараты тарапынан әдістемелік қолдау тұрақты түрде көрсетілетіні айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1281241?lang=kk

Жауап қалдыру