КЕЛЕС АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Келес ауданында қоршаған ортаның тазалығын сақтау және елді мекендердің көгалдандыру жұмыстарын жандандыру мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Іс-шараға аудан тұрғындары, еріктілер және белсенді азаматтар қатысып, көшелерді, қоғамдық орындар мен аумақтарды қоқыстан тазартуға атсалысты. Сенбілік барысында тұрмыстық қалдықтар жиналып, айналаны абаттандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді.
Сенбілікке қатысқан аудан әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев тазалық жұмыстарының маңыздылығына тоқталып, мұндай шаралардың елді мекендердің ажарын ашып, тұрғындарды ортақ іске жұмылдыратынын атап өтті.
«Тазалық – баршаға ортақ міндет. Өзіміз тұратын ауылдың, көшенің таза әрі көрікті болуы әр тұрғынның жауапкершілігіне байланысты. Бүгінгі сенбілікке тұрғындар мен еріктілердің белсенді қатысуы қуантады. Бұл – туған жерге деген құрметтің нақты көрінісі. Осындай игі бастамалар тұрақты түрде жалғасып, тазалық мәдениеті күнделікті өмір салтына айналуы қажет», – деді аудан әкімінің орынбасары.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1281284?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді