
Кәмелетке толған, III топтағы мүгедектігі бар адам күнтізбелік жыл үшін 882 АЕК мөлшерінде әлеуметтік салықтық шегерімді қолдануға құқылы.
Сонымен қатар, егер мүгедектік «бала кезінен мүгедектігі бар адам» себебі бойынша белгіленген болса, қосымша шегерімді ата-анасының бірі қолдана алады. Мұндай шегерімнің мөлшері де әрбір осындай бала үшін күнтізбелік жылға 882 АЕК құрайды.
Осылайша, белгіленген талаптар сақталған жағдайда, 882 АЕК мөлшеріндегі шегерімді қолдану құқығы бір мезгілде III топтағы мүгедектігі бар адамның өзінде де, оның ата-анасының бірінде де туындауы мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1281301?lang=ru

Жауап қалдыру