
Бүгін аудан әкімі Ғалымжан Жарқынбектің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.
Жиынға аудан прокуроры Бахытхан Бөлеулиев, аудан әкімінің орынбасарлары, комиссия мүшелері, тиісті мекеме, бөлім басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері, учаскелік полиция инспекторлары мен заңгерлер қатысты.
Кеңейтілген отырыстың күн тәртібінде құқық бұзушылықтардың алдын алу, алкоголь өнімдерін сату тәртібін сақтау және оның заңсыз айналымына жол бермеу, сондай-ақ “Заң мен тәртіп”, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында әкімшілік құқық бұзушылықтардың профилактикасы бойынша үш мәселе қаралды.
Бірінші мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің бастығы Асылбай Ансатов аудандағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Аудан әкімі есепті кезеңде қылмыстық құқық бұзушылықтар саны төмендегенімен, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық фактілерінің әлі де орын алып отырғанына назар аударды. Осыған байланысты жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларының күрт өсуіне алаңдаушылық білдіріп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдын алу бағытында бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе – алкоголь өнімдерін сату тәртібін сақтау және оның заңсыз айналымының алдын алу бойынша аудандық полиция бөлімінің бастығы Асылбай Аңсатов пен Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қалдыбек Мұсаев баяндады.
Бүгінде «Ішімдіксіз ауыл» жобасы аясында аудан көлеміндегі 6 елді мекенде алкоголь өнімдерін сату тоқтатылған. Аталған ауылдарда қылмыс деректерінің тіркелмеуі жобаның оң нәтижесін көрсетіп отыр. Осы тәжірибені негізге алған аудан басшысы алкоголь өнімдерін сатудан бас тартқан елді мекендер санын арттыру, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту және бұл бағыттағы профилактикалық шараларды жүйелі түрде жүргізуді тапсырды.
Үшінші мәселе бойынша «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде аудандық полиция бөлімінің бастығы Асылбай Аңсатов хабарлама жасады. Аудан әкімі аталған мәселеге қатысты кент және ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп рейдтік іс-шараларды жиі ұйымдастыруды, қоғамдық тәртіпті сақтау мен тазалық талаптарының орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Жиын барысында аудан прокуроры Бахытхан Бөлеулиев қаралған мәселелерге жеке тоқталып, баяндамашыларға нақты сұрақтар қойып, атқарылған жұмыстардың нәтижесін қарады. Құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстардың әлі де статистикалық көрсеткіштер қуантарлық жағдайда емес екенін атап өтіп, осы саладағы жұмысты жандандыру үшін нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеп, комиссия қарауына ұсынуды тапсырды.
Отырыс қорытындысымен аудан әкімі жауапты мекеме басшыларына құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымына жол бермеу және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында нақты тапсырмалар жүктеді. Берілген тапсырмалардың орындалуын жеке бақылауында ұстайтынын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1281318?lang=ru

Жауап қалдыру