
Еске алу кешінде Қарасу аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетіп, ауыл тұрғындарына ерекше рухани әсер сыйлады. Шара барысында Құсман ағамыздың репертуарындағы жүрекке жылы, кең танымал әндері мен авторлық шығармалары шырқалды.
Кешке жиналған ауыл тұрғындары ағамыздың әншілік, айтыскерлік және композиторлық өнерін зор құрметпен еске алды. Өнерін ұлықтап, есімін ардақтаған бұл шара халықтың ыстық ықыласына бөленіп, әсерлі де тағылымды өтті.
Кешке белсене қатысқан барша ауыл тұрғындарына және өнерпаздарға шексіз алғыс білдіреміз!
Сонымен қатар, ауылымызда өтетін мәдени және спорттық іс-шараларға әрдайым қолдау көрсетіп, демеушілік жасап жүрген «Мирас» шаруа қожалығының басшысы Қарабаев Болат Жұмашұлына ерекше ырзашылығымыз бен алғысымызды білдіреміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-usunkol-obagan/press/news/details/1281329?lang=ru

Жауап қалдыру