«БІРЛІК-БЕРЕКЕ-АГРО» КООПЕРАТИВІНДЕ 5 МЫҢ ТОННА АЛМА ӨНДІРУ КҮТІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов жұмыс жоспарына сәйкес Шарбұлақ ауылы округіндегі суармалы жер алқабында орналасқан «Бірлік-Береке-Агро» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің қарқынды алма бауының жұмысымен танысты.
Аталмыш кооператив 2016 жылдан бері 120 гектар аумақта қарқынды бау шаруашылығын дамытып, алма өсірумен айналысады. Жобаның жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорында 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, маусымдық кезеңде 200-ге жуық азамат еңбек етеді. Шаруашылық қажетті ауыл шаруашылығы техникаларымен толық жабдықталған.
Кооператив төрағасы Бақберген Қалыбеков биылғы жылы өнім көлемінің жақсы екенін атап өтті. Маусым қорытындысы бойынша 5 мың тоннаға жуық алма жинау жоспарлануда. Бақта алманың «Голден Делишес», «Ред Делишес», «Гала», «Фуджи», «Гренни Смит» секілді сұрыптары өсіріледі. Өндірілген өнімдер Астана қаласы, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарына жөнелтіліп, тұтынушыларға ұсынылуда.
Сонымен қатар кооператив өндірілген өнімді сапалы сақтау мақсатында Шымкент қаласындағы 6 мың тоннаға арналған мұздатқыш қоймаға алмаларды сорттап, сақтауға орналастыру жұмыстарын жүргізуде.
Аудан әкімі шаруашылықтың жұмысымен танысып, ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайту, өнім көлемін арттыру және дайын өнімді сақтау мен өткізу бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1281335?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді