САРЫАҒАШ: АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ БЕЛГІЛЕНГЕН МІНДЕТТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысы, сондай-ақ аудан аумағындағы тазалық пен абаттандыру жұмыстарының жай-күйі талқыланды.

Бірінші мәселе бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Азат Утебаев баяндама жасап, алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысы туралы ақпарат берді. Баяндамашы тарапынан атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер айтылды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе ауданның орталық көшелеріндегі, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің аумақтарындағы санитарлық тазалық жұмыстарына арналды. Бұл бағытта ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы Нұрдәулет Майлышев баяндама жасап, аудан аумағындағы тазалық жұмыстарының қазіргі жай-күйіне тоқталды.

Аудан әкімі орталық көшелердің, қоғамдық орындардың, мемлекеттік мекемелерге қарасты аумақтардың және оларға іргелес жерлердің тазалығын тұрақты қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу және тазалық талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнінде жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, тазалық жұмыстарын бір реттік шара ретінде емес, тұрақты түрде ұйымдастырып, әрбір аумақтың санитарлық жағдайына жауапкершілікпен қарау қажеттігі ескертілді. Аудан аумағының көркі мен тазалығы тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырумен қатар, елді мекендердің жалпы мәдениеті мен абаттандырылу деңгейінің маңызды көрсеткіші екені айтылды.

Сонымен қатар, мәжілістің қорытынды бөлімінде 8 айдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы, аудандық бюджеттің атқарылу барысы және орындаушылық тәртіптің жай-күйі туралы баяндалды. Аталған бағыттар бойынша жауапты басшыларға көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету, бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты игеру және тапсырмалардың белгіленген мерзімде орындалуына баса мән беру тапсырылды.

Жиын соңында аудан басшысы жауапты сала жетекшілеріне белгіленген міндеттерді сапалы әрі уақтылы орындауды тапсырды. Берілген тапсырмалардың орындалуы жіті бақылауында болатынын ескертіп, жауапты басшыларға белгіленген мерзімде атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша баяндауды тапсырды. Қаралған мәселелер бойынша тиісті хаттамалық тапсырмалар рәсімделіп, олардың орындалу мерзімдері белгіленді.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1281361?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді