Өндірістік жарақаттану: зардап шеккен жұмыскердің құқықтары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өндірістегі жазатайым оқиға уақтылы ден қоюды және міндетті түрде тергеп-тексеруді талап етеді.

Өндірістік жарақат алған жағдайда жұмыскер болған оқиға туралы жұмыс берушіге дереу хабарлап, медициналық көмекке жүгінуі қажет. Жұмыс беруші, өз кезегінде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді ұйымдастыруға міндетті.

Зардап шеккен жұмыскердің:

– тергеп-тексеру материалдарымен танысуға;

– еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актіні алуға;

– заңнамада көзделген сақтандыру төлемдерін алуға және келтірілген зиянды өтетуге;

– тергеп-тексеру нәтижелеріне белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.

Жұмыскердің ерік білдіруі бойынша комиссияның жұмысына оның өкілі ретінде адвокат немесе заң консультанты дауыс беру құқығынсыз қатыса алады. Жұмыскер қайтыс болған жағдайда мұндай шешімді оның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары қабылдайды.

Өндірістік жарақат туралы уақтылы хабарлау және жазатайым оқиғаны тиісті түрде тергеп-тексеру жұмыскердің еңбек құқықтарын қорғаудың маңызды кепілдіктері болып табылады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтаңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-enbek/press/news/details/1281402?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді