Фристайл-акробатикадан тарихи алтын

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында өтіп жатқан фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан алтын медаль жеңіп алды.

Отандасымыз финалдық сайыста үздік нәтиже көрсетіп, 104.52 ұпаймен бас жүлдені жеңіп алды. Бұл – фристайл-акробатикадан Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қол жеткізген алғашқы алтын медалі.

Екінші орынды қытайлық Юйхэн Ян (101.79) иеленсе, қола медаль тағы бір қытайлық спортшы – Чжичен Янге (94.82) бұйырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/916220


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді