Иордания Қазақстанды сайлаудың сәтті өтуімен құттықтады: Амманда екі ел СІМ-дерінің саяси консультациялары өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Амман, 2026 жылғы 24 тамыз – Иордан тарапы Қазақстанды Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтап, оның жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткенін және елдің одан әрі саяси дамуы үшін маңызды мәнге ие екенін атап өтті.

Тиісті баға Иордан Хашимит Корольдігінің Сыртқы істер және экспатрианттар істері жөніндегі министрлігінде өткен Қазақстан мен Иордания арасындағы саяси консультациялар барысында берілді.

Елші Т.Шалданбай және Елшіліктің аға дипломаттары құрамындағы еліміз делегациясын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев басқарды.

Иордан тарапынан консультацияларға Иордания СІМ Бас хатшысы Дайфалла Али Әл-Файез және Министрліктің Азия, Океания және Африка департаментінің директоры Мұхаммад Абу Венди қатысты.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары қарқынын атап өтіп, қазақ-иордан қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын жан-жақты талқылады. Басты назар саяси диалогты әрі қарай нығайтуға, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, ауыл шаруашылығы, көлік, туризм және әуе қатынасы салаларындағы өзара іс-қимылға, консулдық мәселелерге және шарттық-құқықтық базаны дамытуға аударылды. Сонымен қатар, тараптар екі елдің БҰҰ, ИЫҰ, АҚИҰ, АӨСШК және басқа да ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылдарды қарастырып, Таяу Шығыстағы ахуал  және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

2026 жылғы 7 желтоқсанда Корольдікте «Соғыс кезіндегі адамгершілік» тақырыбында өтетін жоғары деңгейдегі конференцияға дайындық мәселесіне ерекше назар аударылды. Аталған конференция Қазақстан мен Иордания,
 сондай-ақ бірқатар мемлекеттер бірлесіп бастамашы болған Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси міндеттемені күшейту жөніндегі жаһандық бастама аясында өткізіледі.

Сапар шеңберінде А.Исағалиев ИХК Корольдік Хашимит сарайында да келіссөздер жүргізді. Тараптар 2025 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Амманға және Король Абдалла II-нің Астанаға жасаған өзара сапарларының қорытындыларын талқылап, жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын, сондай-ақ биыл Астана мен Амманда ұйымдастырылуы жоспарланған халықаралық іс-шаралар аясындағы екі ел басшыларының алдағы кездесулері мен келіссөздерін қарастырды.

Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар саяси диалогты әрі қарай нығайтуға және қазақ-иордан ынтымақтастығына неғұрлым практикалық әрі мазмұнды сипат беруге өзара мүдделілігін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/1281466?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді