ЕҢБЕК МАЙТАЛМАНЫ – 80 ЖАСТА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ЕҢБЕК МАЙТАЛМАНЫ – 80 ЖАСТА
Жымпиты ауылдық округінің тұрғыны, еңбек ардагері Мұқан Хамзаұлы Жүсіпов 80 жасқа толып отыр. Өз ғұмырын техниканың тынысымен өріп, адал еңбегімен елге танылған қария – кейінгі буынға үлгі боларлық тұлға.
Мұқан қарияның еңбек жолы аудан орталығындағы «Казсельхозтехника» мекемесінде басталған. Кезінде Мәскеу қаласынан көліктің қосалқы бөлшектерін тасымалдап, жауапкершілігі жоғары міндеттерді мүлтіксіз атқарған. Бергі жылдары қойма меңгерушісі, техника ауласының жауапты қызметкері секілді жұмыстарды атқарып, зейнет жасына дейін елге қызмет етті.
Осы мерейлі жасында Мұқан Хамзаұлын құттықтап, арнайы құттықтау хат пен сый-сияпатты округ әкімі Мейрам Қайырғалиевтың атынан әкімнің орынбасары Қайрат Абсатыров табыстады. Бұл – ел ағасына деген шынайы ілтипаттың, құрметтің айғағы.
Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев ұзақ жылдар бойы техниканың ыстығы мен суығына төзіп, табан аудармай еңбек еткен Мұқан Жүсіповке жоғары басшылық пен ардагерлер қауымы атынан алғыс білдіріп, ардагердің өңіріне Сырым ауданының «Құрметті ардагері» төсбелгісін тақты.
Өз кезегінде Мұқан қария көрсетілген құрметке разылығын білдіріп, ақ батасын берді. Елге еткен еңбегі еленген қарияның жүзінен қуаныш пен ризашылықтың шуағы байқалды.
Шынар ЯУДАҚЫЗЫ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/982329?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді