«Семей медицина университеті» КеАҚ Тәжікстан Республикасындағы Қазақстан медицинасы күндері шеңберінде ғылым және білім беру саласында бірқатар іс-шара өткізді. Атап айтқанда, медициналық білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы заманауи технологияларға арналған мастер-кластар ұйымдастырылды. Абуали ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетіне барған делегацияның сапары барысында университет студенттерінің цифрлық денсаулық сақтау және жасанды интеллект саласындағы инновациялық әзірлемелері таныстырылды. Жобалар медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, ҚР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Сәуле Орынғазықызы Рахыжанованың жетекшілігімен әзірленген.
«Семей медицина университеті» КеАҚ студенттері — Ақылбеков Бақытбек, «Онкология» мамандығы бойынша резидент дәрігер, Калиев Сернад, «Медицина» мамандығының 4-курс студенті және Акимова Аделия, «Стоматология» мамандығының 3-курс студенті жетекшілерімен бірге өздерінің стартап-жобаларын таныстырып, заманауи медицинадағы жасанды интеллект бағытындағы әзірлемелері туралы айтып берді.
Қатысушылардың ерекше қызығушылығын Леонардо робот-симуляторы қолданылған СМУ-дың симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының меңгерушісі Ж.И. Смағұлова өткізген «XXI ғасыр дәрігерін даярлаудағы симуляциялық технологиялар» тақырыбындағы мастер-класс тудырды.
Жауап қалдыру