
Объектінің мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік талаптарына сәйкестігі туралы декларацияны келісу мәселесін қарау шеңберінде Халықты әлеуметтік қорғау саласын реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Абилов Б. Орал қаласының теміржол вокзалына көшпелі тексеру жүргізді.
Тексеру барысында объектінің нақты қолжетімділік жағдайы, оның ішінде кіреберіс тобының, пандустар мен тұтқалардың, қозғалыс жолдарының, билет кассалары аймағының, күту залдарының, санитариялық-гигиеналық үй-жайлардың, ақпараттық көрсеткіштердің, тактильді навигация құралдарының жай-күйі, сондай-ақ жолаушылар платформаларына қол жеткізу жағдайлары зерделенді.
Арба пайдаланатын адамдарға, көру және есту қабілеті бұзылған азаматтарға, сондай-ақ халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылды.
Тексеру қорытындысы бойынша объектінің белгіленген қолжетімділік талаптарына сәйкестігі бағаланды. Теміржол вокзалының жауапты өкілдеріне тиісті түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді.
Объектінің қолжетімділік талаптарына сәйкестігі туралы декларацияны келісу жүргізілген тексеру нәтижелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Мүгедектігі бар адамдардың көлік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс Департаменттің тұрақты бақылауында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zko/press/news/details/1281631?lang=ru

Жауап қалдыру