Сарбаздың сергектігі – сапалы астан

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Гвардейск гарнизонында Құрлық әскерлері кіші мамандар даярлау орталығының 30212 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметшілерді әскери мамандықтарға даярлау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Соның бірі – әскери аспаздарды даярлау.

Отан алдындағы борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер Қарсыбай Данабек қазіргі таңда аспаздар даярлау ротасында әскери аспаз мамандығын меңгеріп жатыр. Әскери қызметші үшін бұл – жауапкершілігі жоғары әрі маңызды мамандықтардың бірі.

Оқу-жаттығу барысында жас сарбаз тағам әзірлеудің қыр-сырын үйреніп, күнделікті ас мәзірін дайындау, азық-түлікті тиімді пайдалану және санитарлық талаптарды сақтау бойынша теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып келеді.

Әскери аспаздың жұмысы тек ас әзірлеумен шектелмейді. Ол жауынгерлердің сапалы әрі құнарлы тамақтануын қамтамасыз етіп, олардың күнделікті қызмет атқаруына қажетті күш-қуатты қалыптастыруға өз үлесін қосады.

– Әскери аспаз болу – үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық. Әр тағамның сапасы мен дайындалу тәртібіне мұқият қарау керек. Оқу барысында көп нәрсе үйреніп жатырмын. Алдағы уақытта осы мамандықты жақсы меңгеріп, әскери қызметте алған білімімді тиімді пайдаланғым келеді, – дейді қатардағы жауынгер Қарсыбай Данабек.

Жауынгер әскери қызметтегі күндері мен таңдаған мамандығы туралы ойын айтып, ас дайындау барысын көрсетті.

Әскердің күнделікті тыныс-тіршілігінде әр мамандықтың өз орны бар. Ал әскери аспаздың еңбегі – жауынгерлердің дұрыс тамақтануын қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың жауынгерлік даярлығы мен қызметтік міндеттерін сапалы орындауына қажетті жағдай жасаудың маңызды бөлігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1281641?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді