
Бүгінде өңір шаруалары 324 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Нәтижесінде машина-трактор паркін жаңарту деңгейі 3,5%-ды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 3,0%-дық көрсеткішпен салыстырғанда оң динамиканы көрсетеді.
Жыл соңына дейін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін 8%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Осы мақсатта жыл соңына дейін жалпы саны 700-ден астам заманауи ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу көзделген.
Техникалық парктің жаңаруы – егіс және егін жинау науқандарын белгіленген агротехникалық мерзімдерде сапалы әрі тиімді өткізуге мүмкіндік береді.
Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттырып, еңбек өнімділігін еселеуге және өңірдің аграрлық әлеуетін одан әрі нығайтуға жол ашады.
Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту – саланың тұрақты дамуы мен ауыл шаруашылығы өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-agro/press/news/details/1281639?lang=ru

Жауап қалдыру