
2026 жылғы 25 тамызда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Қизатов Бақытбек Құрманбекұлы облыстық «ALTAI» телеарнасына сұхбат берді.
Сұхбат барысында еңбек қатынастары, еңбек заңнамасының сақталуы және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер қарастырылды.
Атап айтқанда, еңбек шарттарын жасасу, еңбекақы төлеу, жұмыс уақыты мен тынығу уақыты, еңбек демалыстарын беру, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бақытбек Қизатов еңбек қатынастарына қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығын атап өтті. Заң талаптарын білу және сақтау құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға және тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«ALTAI» телеарнасындағы сұхбат Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарын еңбек құқықтары мен міндеттері туралы ақпараттандыруға, сондай-ақ еңбек саласындағы заңнама талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіруге мүмкіндік берген маңызды алаң болды.
Еңбек заңнамасын сақтау – тұрақты еңбек қатынастарының, лайықты еңбектің және азаматтардың әлеуметтік қорғалуының негізі.
Сұхбаттың толық нұсқасына сілтеме арқылы өтуге болады

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1281660?lang=ru

Жауап қалдыру