
Ақмола ҚАЖ бастығы Иглик Хасенов пробация қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңеске қатысты. Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың төрағалығымен пробация қызметінің есеп берушілерін жұмысқа орналастыру, оларға әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін қарауға облыс прокурорының бірінші орынбасары Серік Ілиясов, облыстық басқармалардың басшылары, ҚАЖД пробация қызметінің аудандық бөлімдерінің бастықтары, аумақтық әкімдіктер қатысты. Жергілікті атқарушы биліктің қолдауын талап ететін негізгі мәселелерді ҚАЖД бастығының орынбасары Дархан Мырзабеков өз сөзінде айтты: “Биылғы жылдың бірінші тоқсанында пробация қызметінің есебі бойынша бір жарым мыңнан астам сотталушы өтті. Бүгінгі таңда қайталанған қылмыстық құқық бұзушылықтар орын алуда. Есеп берушілер тұратын елді мекендердің қашықтығын, олардың жекелеген санаттарына тұрақты бақылауды, сондай-ақ пробация қызметкерінің есепте орта есеппен 60–қа жуық адамның болуын ескере отырып, аудандық пробация бөлімдеріне автомобиль паркін жаңарту қажет“. Электрондық бақылау құралдарының жетіспеушілігі мәселелері қозғалды, оларды қолдану есеп берушілерді, әсіресе тәуекел тобын бақылауды жеңілдетеді . “Білезік бас бостандығынан айырудың баламасы болып саналады, бірақ бұл сотталғанды колонияда ұстаудан әлдеқайда арзан. Сонымен қатар, адам өз отбасымен бірге бостандықта бола отырып, түзетуге көбірек мүмкіндік алады“, – деп атап өтті Мырзабеков. Талқылау барысында ҚАЖД басшысы пробация қызметкерлерін бейнетіркегіштермен қамтамасыз етудің, арнайы техниканы жаңартудың маңыздылығын атап өтті. Қатысушылардың сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдап, Алтынай Байқадамқызы мүдделі облыстық басқармалар мен аумақтық әкімдіктерге қолда бар мәселелерді пысықтауды тапсырды. Кездесу Жергілікті атқарушы билік, құқық қорғау және қадағалау органдарының өзара ынтымақтастығы туралы үшжақты меморандумға қол қоюмен аяқталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaqmola/press/news/details/982300?lang=kk

Жауап қалдыру