Ақтауда білім беру ұйымдарындағы өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласында білім беру ұйымдарындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған жиын өтті. Жиынға Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Бекнұр Балиұлы, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мен білім бөлімінің өкілдері қаладағы мектеп және мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары қатысты.

Отырыс барысында Ақтау қаласындағы білім беру ұйымдарында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, жүргізілген профилактикалық бақылау жұмыстарының нәтижелері, сондай-ақ анықталған кемшіліктерді жою мәселелері жан-жақты талқыланды.

Жиын барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау, білім беру нысандарындағы қауіпсіздік шараларын күшейту және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының өкілдеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік мәселесіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі ескертілді.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1281667?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді