
Жаңа оқу жылы қарсаңында Қарақия ауданында дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы аясында игі істер жалғасын табуда.
Акция барысында Қарақия ауданы әкімдігі, оған қарасты мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ денсаулық сақтау, мансап, жастар, отбасыны қолдау және үйде қызмет көрсету орталықтарының ұжымдары әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына қолдау көрсетті.
Балаларға жаңа оқу жылына қажетті мектеп формалары мен оқу құрал-жабдықтары табысталды. Бұл – балалардың жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл күймен бастап, кедергісіз білім алуына жасалған маңызды қолдау.
Баланың көңіліне қуаныш сыйлап, отбасына демеу болу – баршамызға ортақ міндет.
Қайырымды іске қолдау білдіріп, балаларға қуаныш сыйлап жүрген барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз!
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1281687?lang=ru

Жауап қалдыру